Қостанай облысында қонаққа барған әйел күтпеген оқиғаға куә болды

Қостанай облысында қонаққа барған әйел күтпеген оқиғаға куә болды

Қостанай облысында қонаққа барған әйел күтпеген оқиғаға куә болды
ашық дереккөзі
50203
Қостанай облысына қарасты Лисаковск қаласында құрбысының үйіне қонаққа барған әйел шошып кетті. Ол пәтерге келген кезде құрбысының мәйітін көрген деп хабарлайды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лисаковсктегі пәтерлердің бірінен 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Оқиға 8 сәуірде болған. Үйдің есігі ашық болған. Қазір осы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша әйелге зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталған. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.  Тағы оқи отырыңыз: Ақтау тұрғындары түн ішінде шошып оянды

Серіктес жаңалықтары