Ақтауда жол апатынан 20 жастағы бойжеткен зардап шекті

Ақтауда жол апатынан 20 жастағы бойжеткен зардап шекті

Ақтауда жол апатынан 20 жастағы бойжеткен зардап шекті
ашық дереккөзі
Бүгін түнде Ақтауда болған жол апатынан бес адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
– Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін төртеуі үйіне жіберілді. 2002 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды. Оған көптеген жарақат, соның ішінде жамбас сүйегінің сынуы және бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Зардап шегушінің жағдайы орташа ауырлықта, - дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.
Айта кетсек, ВАЗ-21150 көлігінің жүргізушісі солға бұрылған кезде Daewoo Nexia көлігіне жол бермей, соқтығысқан.
- Оқиғаға кінәлі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 124 жол-көлік оқиғасы болды