Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыруды 13 мыңнан астам адам қолдады

Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыруды 13 мыңнан астам адам қолдады

Петропавл мен Павлодардың атын ауыстыруды 13 мыңнан астам адам қолдады
ашық дереккөзі
50574
«Қызылжар және Ертіс деп солтүстіктегі екі қаламыздың атаулары өзгертілсін!» деген ұранмен онлайн-петиция өтіп жатыр. Бүгінге дейін бұл ұсынысты қолдағандардың саны 13 452-ден асты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл ұсынылып отырған атаулар халыққа бұрыннан белгілі. Тіпті петиция мәтінінде атауларға қатысты қысқаша анықтама бар. QYZYLZHAR  – «Қызылжар көп қазаққа арман дерсің, Керейде Толыбай сыншы туын тігіп, Атыңды «Қызылжар» деп бабам қойған» деген өлең шумақтары бар. Ал Толыбай сыншы - ХVІІ ғасырда өмір сүрген адам. Бертінірек Қызылжар қонысын Атығайдың Дәулетәлі деген байы мекен еткенін Сәбит Мұқанов жазды. «Әулие Петр» (Петропавлдың алғашқы атауы) қорғаны болса, тек ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында салына бастап, 1770 жылы ғана аяқталған. Сол себепті, бұл жерде жер атауы болмаған деген шындыққа жанаспайды. ERTIS – «Jebe» қоғамдық бірлестігі Павлодар қаласы атауының Ертіс деп өзгеруін ұсынып отыр. Бұрыннан көшпелі қазақ Павлодар облысын Ертіс-Баян өңірі деп атап келген. Қазір қалада сол атауды жаңғыртуда. «Ертіс-Медиа» ақпараттық холдингіне қарасты облыстық «Ертіс» телеарнасы бар және Олимпиадалық бассейннің заманауи мультимедиалық музейі «Ертіс» аталады.

Серіктес жаңалықтары