50295
Мас адам қылмысын жасыру үшін күтпеген әрекет жасады
Мас адам қылмысын жасыру үшін күтпеген әрекет жасады
Кеше Алматыдағы Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірілгеннен кейін ер адамның мәйіті табылған деп жазды turkystan.kz.
Өрт туралы хабарлама «101» пультіне кешкі сағат 9 шамасында келіп түскен.
«Өртті локализациялағаннан кейін бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілгендігінің айқын белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кейін оның үйдің иесі, 1984 жылы туған К. есімді азамат екендігі анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс істемеген. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, адамның өліміне - мойынның кесілген жарақаты, сол жақтағы кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, іштің және сол жақ бұғана аймағына еніп кеткен пышақ жарақаттары және одан кейінгі мәйітті өртеу себеп болған. Тергеу барысында 44 жастағы П. есімді азамат анықталды, ол қылмыс жасалмас бұрын жәбірленушінің үйіне қонаққа келген», - деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.Оған қоса, ер адамдар ішімдік ішкен. Артынша «бөтелкелестердің» арасында жанжал туындаған. Сол кезде П. есімді азамат үй иесіне пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Артынша қылмысын жасыру үшін үйді өртеген. Қазір осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99 бабы, 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.