Асхат Оралов Түркістандағы аймақтық партия активімен кездесті

Асхат Оралов Түркістандағы аймақтық партия активімен кездесті

Асхат Оралов Түркістандағы аймақтық партия активімен кездесті
ашық дереккөзі
Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған реформаларын сапалы жүзеге асыру жайы талқыланды деп хабарлады turkystan.kz.
«AMANAT Жолдауда айтылған негізгі міндеттерді орындауда басты қозғаушы күш болуы тиіс. Бұл үшін 800 мыңға жуық партиялас, оның ішінде Түркістан облысындағы 80 мың партиялас жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсат, бір мүдде жолында жұмыс істеуіміз керек. Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасына сәйкес, 14 наурыздан бастап мобильді қоғамдық қабылдаулар іске қосылды. Алдағы үш айда мобильді қабылдаулар Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, шалғай ауылдарға ерекше көңіл бөледі» деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желіде.
11 сәуірде олар Түркістан өңіріне де ат басын тірейді.
«Осы орайда, мобильді қоғамық қабылдау жұмысына мәслихат депутаттарын, өңірлік филиалдардан Бюро мен Саяси кеңес мүшелерін, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету қажет. Өткен сайлауда халыққа берген уәделеріміздің орындалуын қадағалау өте маңызды.  Өңірде филиал басшылығы назар аударатын мәселелер де жеткілікті. Халық тығыз шоғырланған өлке болғандықтан, бұл аймақта әлеуметтік-экономикалық мәселелер өзекті. Сондықтан ең әуелі халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асу керек. Бұл партия атынан сайланған мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдеріне тікелей қатысты» деп жазды AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы.
Тағы оқи отырыңыз: Асхат Оралов Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралады