Асхат Оралов Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралады

Асхат Оралов Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралады

Асхат Оралов Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралады
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Түркістан облысына жұмыс сапарын киелі орындарды аралаудан бастады деп жазды turkystan.kz.
«Бүгінгі Түркістан облысына жұмыс сапарымызды киелі Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралаудан бастадық. Сапарымыз қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұның да мән-маңызы өте зор. Түркістан қаласында партиямыздың сайлауалды бағдарламасы аясында салынған «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында болып, осы өңірдегі зиялы қауым өкілдерімен жүздестім.  Түркістандық зиялы қауыммен ұлттық болмысты жоғалтпау және қоғамдық сананы жаңғырту аясында идеологиялық жұмыстарды күшейту тақырыбында келелі әңгіме қозғап, ой бөлістік» деп жазды Асхат Орлов әлеуметтік желіде.
Тағы оқи отырыңыз: Асхат Оралов Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті