«Вова көкесін» іздеген журналист сұхбат берді (ВИДЕО)

«Вова көкесін» іздеген журналист сұхбат берді (ВИДЕО)

«Вова көкесін» іздеген журналист сұхбат берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Осыдан бірнеше күн бұрын ұлтаралық алауыздық қоздырды деген айыппен үстінен «қылмыстық іс» қозғалған Алматы қаласының тұрғыны Любовь Панова белгілі блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа сұхбат берді деп хабарлады turkystan.kz. Ол Facebook желісінде блогермен еркін әңгімелесіп, Ресейдің Украинадағы басқыншылық саясатына қатысты өз ойын жеткізуге тырысты.
«Менің ойымша, Ресейдің басқа таңдауы болған жоқ. Егер Ресей Украинадағы «ұлтшылдармен», «фашистермен» соғыспағанда не боларын білмейтін едік», - деп бөсті ол Украинадағы қарулы қақтығыс туралы айтқанда.
Ал «Вова көкемді көмекке шақырамын» деген атышулы сөзін Қазақстандағы «ұлтшылдарға» қарата айттым деп ақталды.
«Бізде көптен бері Георгиев лентасы туралы пікірталас, айтыс болып жатқанын білесіз. Мен ол туралы көп айтқым келмейді. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Ол – біздің тарихымыз», - деді айды аспанға бір-ақ шығарып.
Тағы оқи отырыңыз: Путинді қолдаған журналистке қылмыстық іс қозғалмаған