Путинді қолдаған журналистке қылмыстық іс қозғалмаған

Путинді қолдаған журналистке қылмыстық іс қозғалмаған

Путинді қолдаған журналистке қылмыстық іс қозғалмаған
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желідегі пікірінен кейін басы дауға қалған журналист Любовь Панова болған оқиғаға қатысты өз ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Sputnik Kazakhstan порталына сілтеме жасап. Ол «Вова көкемді көмекке шақырамын» деп басы дауға қалған соң, Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеген еді.
«Полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Қазір тиісті сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деген еді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Ал Панованың өзі ұлтаралық алауыздық қоздырды деген айыпты жоққа шығарды.
«Мені қазақтарды, Отанымды жек көреді деп айыптап, елден кетсін дейді. Менің әкем – қазақ, балам – қазақ. Қазақ достарым өте көп. Сондықтан мені не үшін айыптағылары келетінін білмеймін. Менің ойымша, олар алауыздықты қоздырып отырған секілді», – деді Любовь Панова.
Журналист қызметтен өз еркімен кеткенін де айтты.
«Жұмыстан кету туралы мен өзім шешім қабылдадым. «Русское радио» мен «Европа Плюс Қазақстанға» жасалған шабуылды тоқтату үшін өз еркіммен арыз жаздым. Маған түрлі жағымсыз пікірлер айтылды. Жағдайды ушықтырмау үшін жұмыстан шығу туралы арыз жаздым», – деді ол.
Панова өзімен полицияның хабарласпағанын айтты.
«Құқық қорғау органдарынан ешқандай ескерту болмады, ешкім ешқайда шақырмады. Сондықтан мен қылмыстық істің қозғалғанын білмеймін. Одан түк хабарым жоқ», – деді журналист.
Тағы оқи отырыңыз: Путинді қолдаған журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды