50395
«Украинада 1,4 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты» - БҰҰ
«Украинада 1,4 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты» - БҰҰ

Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«2022 жылдың 24 ақпаны сағат 4:00-ден бастап 2022 жылдың 2 сәуірі түн ортасына дейін (жергілікті уақыт) Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы елде 1 417 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және 2 038 адамның жарақат алғанын тіркеді», – делінген мәлімдемеде.Қаза тапқандардың арасында 201 әйел, 22 қыз және 40 ұл, сондай-ақ жынысын анықтау мүмкін болмаған 59 бала бар екені аталып өтті.