Түркістан облысында браконьерлер ұсталды

Түркістан облысында браконьерлер ұсталды

Түркістан облысында браконьерлер ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құстың еті тәркіленді деп хабарлады turkystan.kz. Созақ ауданының полицейлері Ақжар көлінің маңында аңшылық құрып жүрген екі азаматты ұстады. Ордабасы мен Төлеби ауданының тұрғындары заңсыз құс аулау үшін өңірге арнайы дайындықпен барыпты. Полицейлер айғақты зат ретінде браконьерлерден 2 дана аңшы мылтығын, 1 қайық, 18 қаз, 8  үйрек етін тәркілеген.
«Күдіктілер өз сөзінде Созақ ауданына аңға шығу мақсатында келгендерін жеткізді. Алайда олардың аң атуға рұқсат қағаздары болмай шықты» деп жазылған Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
браконьер Қазір құқық бұзушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы («Заңсыз аңшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Тағы оқи отырыңыз: Жесірлер мен жетімдердің несібесін жеп, зар қақсатып жүрген кім? (ВИДЕО)