Жесірлер мен жетімдердің несібесін жеп, зар қақсатып жүрген кім? (ВИДЕО)

Жол апатынан қайтыс болғандарға төленетін сақтандыру төлемдерін сенімхат негізінде алып, миллиондаған теңгені қалтаға басқан алаяқтарға қатысты ақпарат тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

«ДТП и ПОСЛЕдствия» атты  Youtube арнасы осыған қатысты зерттеу жасаған. Зерттеуден белгілі болғандай, 2012 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстарды ашу жөніндегі инспекторы Ерлан Қадыр 6 жылға сотталады.  Ол кейін жазасын өтеп, бостандыққа шыққан соң, тағы да қылмыстық жолға түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, ол адамдардың сеніміне оңай кіріп, өзін сауатты маман ретінде көрсете білген. Яғни, адамдардан сенімхат алып, соның негізінде қайтыс болғандардың асырауындағы адамдарға тиесілі сақтандыру төлемдерін кедергісіз алып, кейін хабарсыз кетіп отырған. Сөйтіп, жасырынып жүретін болған. Мысалы, одан зардап шеккендердің бірі, әйелі қайтыс болған Ғалымжан Нарманов болатын.

«Әйелімнің жетісін берген соң, Ерлан үйге келді. Мен көмектесемін, мұндай іс қолымнан келеді, сақтандыру компаниясының қызметкерімін деп өзін таныстырды. Алғашында үйге кіргізбеген едім. Кейін анаммен жолығып, кіруге рұқсат еттім. Сосын сенімхат жазып бердік. Әсия Жанпазарова есімді қызымның атынан жаздық», – дейді Ғалымжан Нарманов.

Ерлан Қадыр сақтандыру компанияларына ірі сомаларды алу талаптарын мәлімдеп, өз мақсатына жетіп отырған. Тек «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясының қызметкерлері ғана назар аударып, оның жеке есеп шотына сақтандыру төлемінен бас тартқан. 2019 жылы Ерлан Қадырдың әрекеттерінен зардап шеккендердің бастамасымен алаяқтық фактісі бойынша оған қылмыстық із қозғалды. Қазір ол 8 эпизод бойынша қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеп жатыр. Зардап шеккендердің асырауындағы адамдарға келтірілген шығын сомасы – 39 389 500 теңге.

Кейін белгілі болғандай, Ерлан Қадыр атты азаматқа қатысты қылмыстық сот процесінде қаралмаған тағы бірнеше осындай істер бар. Бұл жерде әңгіме «Еуразия» сақтандыру компаниясына қатысты. 2019 жылдың желтоқсанында жүзеге асырған сақтандыру төлемдері туралы болып отыр. Күдіктісі, сақтандыру төлемдері бойынша мәлімделген талаптар Ерлан Қадырдың атына сақтандыру компаниясының кассасынан күдікті өтініш берген күннен бастап 3 және 5 жұмыс күні ішінде орындалған бұл төлемдердің жалпы сомасы 10 857 500 теңгені құрайды.

«Менің ойымша, ол жігіттің сақтандыру компанияларында өз таныстары бар секілді. Әйтпесе, мүмкін емес қой», – дейді Ғалымжан Нарманов.

Тағы бір қызық жайт, бірыңғай сақтандыру деректері базасында Ерлан Қадырға төленген нақты сомаларды «Еуразия» компаниясының жасыруы да қызық болды.

«Апаттан кейінгі мәселелерді шешу бюросы» ЖШС-нің директоры Сергей Ставицкийдің айтуынша, «Еуразия» сақтандыру компаниясы барлық жерде жәбірленушілердің ақшасын қорғап, қажетті төлемдерді өкілдердің алуына мүмкіндік бермейміз деген.

«Мысал ретінде бюроның өтініштерін жәбірленушінің атына сақтандыру төлемдерін жасау туралы өтініштерді келтіре аламын. Оны алған кезде «Еуразияның» қызметкерлері Балқашқа, Шымкентке немесе Қазақстанның кез келген басқа нүктесіне қашықтықтығына қарамастан барады. Оларды тұтынушылар менің компаниямның қызметтерін төлемей, бас тартуға тырысады. «Еуразия» кеңсесіндегі төлемдерге келсек, олармен мәміле жасауға келіскендерге ғана қолжетімді болады», – дейді Сергей Ставицкий.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button