Нигерия мен Гана футбол командаларының кездесуі кезінде фанаттар төбелес шығарды деп жазды turkystan.kz. Нигерия мен Гана құрама командалары әлем чемпионатына іріктеу аясында плей-офф ойынында кездесті. Ойын нәтижесінде Нигерия құрамасы жеңіліп қалды, оған ашынған жүздеген жанкүйерлер алаңға жүгіріп шығып, тәртіпсіздік ұйымдастырды. Артынша полиция араласты.
Жүктелуде...