Туды желбіретіп, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Туды желбіретіп, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Туды желбіретіп, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырауда жол бойында келе жатқан бірнеше көліктегі жастар терезеден беліне дейін денесін шығарып, Қазақстанның туын желбіреткен деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап. Оқиға 30 наурызда сағат 18.30-да Құрманғазы көшесінің бойында болған. Патрульдік полицейлер төрт көліктің жүргізушілері мен жолаушыларын ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша оннан астам хаттама толтырды. Ол жерде маневр жасау ережелерін сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау, «жаяу жүргіншілер мен жолаушылар қозғалысы ережелерін бұзу», кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы, мемлекеттік нөмірдің болмауы, апатты жағдай туғызу және т.б. заңбұзушылықтар бар. Бұдан басқа, жолаушыларға ҚР ӘҚБтК 458-бабының 1-бөлігі («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын пайдалану тәртібін бұзу») бойынша хаттама толтырылып, әрқайсысына 153 150 теңге айыппұл салынды. Тағы оқи отырыңыз: «Қазақтың наны дәмді, тілі ащы ма?»: әйел «Z» белгісін жыртып тастады (ВИДЕО)