«Қазақтың наны дәмді, тілі ащы ма?»: әйел «Z» белгісін жыртып тастады (ВИДЕО)

«Қазақтың наны дәмді, тілі ащы ма?»: әйел «Z» белгісін жыртып тастады (ВИДЕО)

«Қазақтың наны дәмді, тілі ащы ма?»: әйел «Z» белгісін жыртып тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Youtube әлеуметтік желісінде Dias Quzaiyr аккаунтының иесі Шымкент қаласында «Z» белгісін жапсырған әйелді әшкереледі деп хабарлады turkystan.kz. Ол әйелден «Z» және «V» белгісін алып тастауды өтінгенде автокөлік иесімен сөзге келіп қалды. Көлік жүргізушісі Путиннің басқыншылық саясатын қолдайтынын, Украинада ол бейбіт халықты емес, «фашистерді» өлтіріп жатқанын айтты. Осыған жауап ретінде бейнежазба авторы: «Жергілікті телеарналарды көру керек. Қазақстан - бейтарап ұстанымдағы ел. Ал сіздікі дұрыс емес. Қазақтың наны дәмді, тілі ащы ма?» дегенінде автокөлік иесі одан сайын бой бермей, Қазақстанның ресми саясатын менсінбейтінін көрсетіп, отандық телеарналарын қарамайтынын айтты. Сол жерде жол полициясы қызметкері автокөлік жүргізушісіне хаттама толтырып, айыппұл салғаннан кейін «Z» және «V» белгісін алып тастауға мәжбүр болды. Осы видеоның астына авторды қолдаған көптеген пікірлер жарияланды. Соның бірін айтсақ, Ғалия Мансұрова есімді азамат:
«Қазақстанның барлық орыстарына айтқым келетін бір нәрсе бар: Қазақстанды арандатпаңыздар! Президент бейтарап ұстанымда саясат жүргізіп жатыр. Егер сіздер Ресейді қолдағыларыңыз келсе, сол жаққа барып, сол елдің патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарыңызды көрсетіңіздер! Біздің ел – көпұлтты мемелекет. Сепаратизмге жол бермейміз», - деп айтқан.
Тағы оқи отырыңыздар: Назарбаев университетіне ілінген «Za наших» плакаты авторының суреті шықты