Рамзан Қадыров бұл жолғы келіссөзден де пайда болмайтынын жеткізді

Рамзан Қадыров бұл жолғы келіссөзден де пайда болмайтынын жеткізді

Рамзан Қадыров бұл жолғы келіссөзден де пайда болмайтынын жеткізді
ашық дереккөзі

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында Түркияда Ресей мен Украина делегациялары арасында өтіп жатқан келіссөздерге қатысты пікір білдірді деп жазды turkystan.kz.

 «Менің ойымша, бұл келіссөздердің еш пайдасы болмайды. Біз бастаған ісімізді толығымен аяқтауымыз керек деп есептеймін. Содан кейін ғана не істеу керектігін шешу керек», - деді ол.
Еске сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің бірінші раунды 28 ақпанда өткен болатын. Одан кейін делегациялар тағы екі рет кездесіп, содан соң ғана келіссөздер процесі бейне форматқа ауысты. Сондай-ақ екі мемлекеттің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі Анталиядағы дипломатиялық форум аясында өтті. Тағы оқи отырыңыз: «Ахмат – сила!»: Рамзан Қадыров Мариупольге келді (ВИДЕО)