Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бәрін өзімізден бастауды ұсынды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бәрін өзімізден бастауды ұсынды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бәрін өзімізден бастауды ұсынды
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының «TALQYLAU» алаңына Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын іске асыру үшін өз ұсыныстарын айтты деп  хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбай айтты. Осы жиынға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы қазір қоғамда халықтың саяси талаптарының күшейгенін атап өтті.
«Бұл Жолдаудың ерекшелігі – нақты бір тақырыпқа арналады. Ол – саяси реформа. Қазір саяси билік түгелдей Мемлекет басшысының қолына тиді. Қауіпсіздік кеңесі де, партия да, Ассамблея да. Яғни, толыққанды саяси реформа жасауға Президенттің мүмкіншілігі кеңейді. Сосын халықтың талабы күшейді. Бірінші кезекте әр адамның жағдайына қарау керек. Әр ауылдан бастап, бюджетті жоспарлағанда әрбір тиын әрбір азаматқа бұйырып, соның өлшемі болуы тиіс. Адам – бізде барлығына өлшем. Міне, қазіргі біздегі нағыз қағида осы. Соған келе жатырмыз. Ең бастысы, жаңа Қазақстанда  бәрін өзімізден бастайық. Бізде қазір елімізді жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіншілік бар», – деді Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.
Тағы оқи отырыңыз: «Саяси бірлестіктерді жаңарту жұмысын бастадық» – Асхат Оралов