«Саяси бірлестіктерді жаңарту жұмысын бастадық» - Асхат Оралов

«Саяси бірлестіктерді жаңарту жұмысын бастадық» - Асхат Оралов

«Саяси бірлестіктерді жаңарту жұмысын бастадық» - Асхат Оралов
ашық дереккөзі
TALQYLAU пікір сайыс алаңының алғашқы отырысында AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов елімізде қазіргі саяси бірлестіктерді жаңарту жұмысының басталғанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ол өз сөзінде AMANAT партиясының осы жұмысқа кірісіп, съезден бері өткен бір ай уақытта Президенттің тапсырмалары мен бастамаларының орындалып жатқанын айтты.
«Президенттің бірқатар саяси реформаларды жария еткені белгілі. Бұл - ең алдымен, суперпрезиденттік биліктен Парламенті мықты республикаға ауысу, мәслихаттардың рөлін күшейту, азаматтық қоғамды дамыту. Сондықтан сайлау туралы заңнамалық процестер өзгереді. Бұл өз кезегінде елдегі демократиялық өзгерістердің негізі болады», - деді Асхат Оралов.
Оның айтуынша, саяси партияларды тіркеу процесі жеңілдеген соң, елде жаңа саяси қозғалыстар мен партиялардың құрылуына мүмкіндік беріледі.
«Сондықтан да қазіргі саяси бірлестіктерді жаңарту керек. AMANAT осы бағыттағы жұмысын бастап кетті. Мысалы, екі аптада мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдары төрт өңірді – Қызылорда, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарын аралап үлгерді», - деді ол пікірталас алаңында.
Тағы оқи отырыңыз: «TALQYLAU»-дағы мәселелер онлайн көрсетіліп жатыр