Наурыз мейрамын тойлау кезінде оқушы қыз көз жұмды

Наурыз мейрамын тойлау кезінде оқушы қыз көз жұмды

Наурыз мейрамын тойлау кезінде оқушы қыз көз жұмды
ашық дереккөзі

Өзбекстанның Кашкадарья ауылында Наурыз мейрамын тойлау кезінде мектеп оқушысы қайтыс болды деп жазды turkystan.kz. Шара барысында гүл шоғын ұстаған мектеп оқушылары билеп жүрген. Кенеттен қыздардың бірі жерге есінен танып құлайды. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақыртылды. Бірақ қыз дәрігерлер келгенше қайтыс болады. Халық білімі министрлігі мәлімдегендей, марқұм жергілікті мектептердің бірінде 10-сыныпта оқыған. Бойжеткеннің бала кезінен эпилепсиямен ауырғаны анықталды. Құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.