Боранда жолға шығып кеткен екі адам көз жұмды

Боранда жолға шығып кеткен екі адам көз жұмды

Боранда жолға шығып кеткен екі адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Полицейлер тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 наурыз күні сағат 22:50-де Омбы - Майқапшағай тас жолының Новоямышево ауылы тұсында Toyota Camry 20 жүргізушісі ауа райына байланысты жол көрінбейтін жерде 25 жастағы жігітті қағып кеткен. Жаяу адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Апат салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Адам өмірін қиған тағы бір оқиға сол күні сағат 18:30-да Павлодар - Ленин кенті жолында болды. Мұнда LADA Priora автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қарлы боран салдарынан рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі жақтауға соғылған. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды. Барлық фактілер тексерілуде. Тағы оқи отырыңыз: Қосшыдан елордаға келе жатқан автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)