Қосшыдан елордаға келе жатқан автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Қосшыдан елордаға келе жатқан автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

Қосшыдан елордаға келе жатқан автобус пен 11 көлік соқтығысты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Кеше Қосшыдан Нұр-Сұлтанға баратын тасжолда, яғни Лесная поляна тұрғын алабы тұсында №320 автобус пен 11 көлік соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz. Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желіге тез тарады. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға күндіз сағат 14.30 шамасында болған.
«Қосшы қаласынан Нұр-Cұлтанға дейінгі тасжолда 12 көлік, соның ішінде 1 автобус соқтығысты. Жол апатына кінәлі тұлғалар метеорологиялық жағдайларға сай жылдамдықты сақтамаған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Үш адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді», - деді ПД өкілі.
Қазір бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.