Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды
Қазақстан дүниежүзіндегі ең бақытты елдер рейтингінде ТМД елдерін басып озып, 40-орынға шықты деп жазды turkystan.kz World Happiness Report-ке сілтеме жасап.
Рейтингте 2019 жылдан 2021 жылға дейін жүргізілген ауқымды сауалнаманың орташа нәтижесі көрсетілген. Бақыт туралы сауалнамаға дүние жүзінің 9 миллионнан аса тұрғыны қатысты.
Финляндия бесінші жыл қатарынан ең бақытты ел атанып отыр. Үздік ондықта Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия бар.
АҚШ - 16, Ұлыбритания - 17, ал БАӘ 24-орында.
Былтыр үздік болған Өзбекстан - 53, Молдова - 62, Қырғызстан - 64, Беларусь - 65, Ресей - 80, Армения - 82, Тәжікстан - 83 және Әзербайжан 92-орында тұр.