«Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды», - деді дереккөз.Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады. Еске салсақ, 11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылған болатын. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады. Ал 12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.
«Ресейде YouTube желісі бұғатталуы мүмкін» – БАҚ

«Ресейде YouTube желісі бұғатталуы мүмкін» – БАҚ
Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді. Бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырылған болатын. Сондықтан бейнехостингке жақын күндері шектеу қойылуы мүмкін деп жазды Turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.