«Көп ішіп қойдым»: мас жүргізуші көлігін тастай қашып, суға секірген

«Көп ішіп қойдым»: мас жүргізуші көлігін тастай қашып, суға секірген

«Көп ішіп қойдым»: мас жүргізуші көлігін тастай қашып, суға секірген
ашық дереккөзі

Атырауда LADA Priora автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік айдап, онысымен қоймай көліктен түсіп, полицейлерден жаяу қашпақшы болған деп жазды Turkystan.kz. Патрульдік полиция қызметкерлерінің айтуынша, Владимирский және Гумаров көшелерінің қиылысында аталған автокөлік күдік тудырған соң, оны тоқтатады. Алайда, көлік жүргізушісі Авангард мөлтек ауданындағы үйлердің тұсына дейін тоқтамай, кейін автокөлігінен түсіп, көпірге дейін жүгіре бастаған. Содан соң ол Жайық өзеніне секірген. Патрульдік полиция инспекторлары, аға лейтенант Нұрымов Жексенбек пен оның әріптесі, полиция лейтенанты Сақауов Данабек құқықбұзушыны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Анықталғандай, 33 жастағы ер адам жүргізу құқығы жоқ бола тұра (куәлігінен айырылған) мас күйде көлік жүргізген. Ол өзінің полицейлерді көре сала қашқан әрекетін осы жолы көп ішіп қойдым деп ақталды. Айта кетсек, оған қатысты ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігі, ӘҚБтК-нің 595 бабының 1 бөлігі, ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі, ӘҚБтК-нің 613-бабының 3-бөлігі 1-тармағы,  ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлігі, ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды.