«Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Руслан Клышевке қатысты үкім шықты. Руслан Клышев 9 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді», - делінген сот хабарламасында.Еске сала кетсек, Руслан Клышев пен тіс дәрігері Ермек Омаровтың арасындағы жанжал 2021 жылы 8 наурызға қараған түні болған. Жанжал өршіп, полицей Ермек Омаровқа мылтықтан оқ атқан. Салдарынан тіс дәрігері оқиға орнында көз жұмған.
Қостанай облысында танысын өлтірген экс-полицей 9 жылға сотталды

Қостанай облысында танысын өлтірген экс-полицей 9 жылға сотталды
Сот шешімімен адам өлтірген бұрынғы полиция қызметкері Руслан Клышев 9 жылға бас бостандығынан айрылды деп жазды turkystan.kz «Алау» басылымына сілтеме жасап.
Полицей танысына қаржы пирамидасына салған ақшасын қайтаруға уәде берген. Ақыр соңында ерлер арасында жанжал туып, ол қайғылы аяқталған.