25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік ұсталды

25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік ұсталды

25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған ресейлік ұсталды
ашық дереккөзі

Ішкі істер министрлігі жүргізген «Іздеу» және «Мигрант» жедел шаралары барысында тәртіп сақшылары кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады деп жазды turkystan.kz. ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бәкиевтің айтуынша, қылмыскер 10 наурызда қолға түскен.

«Сәтбаев қаласында департаменттің криминалды полиция басқармасы мен Қарағанды – Сортировочная стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресейдің 56 жастағы азаматын ұстады. Ұсталған әйелдің ширек ғасыр бұрын Челябі қаласында аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды. Адам өлтіргені үшін ол 1997 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болған», - деді Оңал Бәкиев.
Қазір күдікті қамауға алынды. Ресейдің құқық қорғау органдарына қылмыскердің ұсталғаны жайлы хабар берілді. Енді әйелді экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. 9 наурыздан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері іздеу жарияланған 11 қылмыскерді ұстаған.