«Бір тал гүл де берген жоқ»: Атырау әкімдігі «Алтын алқа» иелерінің ашуына тиді

«Бір тал гүл де берген жоқ»: Атырау әкімдігі «Алтын алқа» иелерінің ашуына тиді

«Бір тал гүл де берген жоқ»: Атырау әкімдігі «Алтын алқа» иелерінің ашуына тиді
ашық дереккөзі

Атырау қаласының әкімдігі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын тапсыру кезінде көпбалалы аналарды қатты ренжітті. Бұл туралы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желіде қалдырған жазбасынан белгілі болды деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап. Қала тұрғыны Гаухар Қалыбайқызы Facebook әлеуметтік желісіндегі «Книга жалоб и предложений Атырау» атты топта жазба қалдырып, қалалық әкімдікке деген ренішін жеткізген. Автордың айтуынша, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бір топ көпбалалы ана қалалық әкімдікке шақыру алған. Алайда олар күткендей салтанатты шара болмаған. Әкімдікке жиналған әйелдер кезекпен үстелдегі «Алтын алқа» наградасын алып, құжатқа үш жерде қол қойған. Осымен мерекелік шара тәмам болған.

«Сол күні тек менің ғана емес, марапаттарға келген басқа әйелдердің де көңіл-күйі түсті. Билік басындағыларда көпбалалы аналарға деген бір тамшы құрметтің болмағанына күйіндік. Жуырда ғана әкімдік әйел полицейлерді құттықтап, салтанатты түрде марапаттар табыс еткен болатын. Ал біз болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелейміз. Неге бізге тиісті құрмет көрсетілмеді?» деп жазды ашынған қала тұрғыны.
Тағы бір көпбалалы ана Динара Құдайбергенова бұл жазбаның астына пікірін қалдырып, мемлекеттік қызметшілердің шара қатысушыларына марапатты және оның құжатын қолдарымен табыстамақ түгілі, құттықтау сөздерін де айтпағанын жеткізді.
«Тіпті, бір тал гүл де берген жоқ» деп жазды ол.
Ал Атырау қаласы әкімдігінің өкілдері хабарласқан тілшілерге сол күні жоспарланған іс-шаралардың көп болғанын айтып ақталған. Белгілі болғандай, сол күні әкімдікке «Алтын алқа» және «Күміс алқа» құрмет белгілерімен марапаттау рәсіміне бірден 79 әйел келген. Сондықтан тілек айтып, олардың әрқайсысын жеке марапаттау мүмкін болмаған көрінеді.