Вахтадан оралған жігіт әйелін «жүріс жүрді» деп ұрып өлтірген

Вахтадан оралған жігіт әйелін «жүріс жүрді» деп ұрып өлтірген

Вахтадан оралған жігіт әйелін «жүріс жүрді» деп ұрып өлтірген
ашық дереккөзі

Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін өлтіріп тастады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ретте ол әйелі көзіне шөп салды деп ойлаған. Талғар ауданында тұрған ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған 2 баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін жігіт үйінде айлап болмайды екен. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ол әйелінің мас екенін, балаларының аш жатқанын көрген. Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі өзінің көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Ауруханаға жеткізілген әйелі сол жерде есін жимастан көз жұмған.

«Тергеу ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды», - деді Талғар аудандық ПБ тергеушісі Әлішер Ерланов.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.