«Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық» – экс-офицерлер

«Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық» – экс-офицерлер

«Мәсімов ҰҚК басшысы болып тұрғанда заңсыз сотталдық» – экс-офицерлер
ашық дереккөзі
50229
Қарулы күштердің бір топ экс-генералдары мен полковниктері Кәрім Мәсімовтің басшылығы кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша заңсыз сотталғандарын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының экс-бастығы, полковник Мұхтар Қарабеков баспасөз мәслихатында 157 әскери қызметкердің заңсыз сотталғанын, оның 7-еуі кейін Жоғарғы соттың шешімімен ақталғанын айтты.
«Мен 2017 жылы «Қазақстан инжиниринг» компаниясының қызметіне қатысты іс бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековпен бірге 4 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Тергеу мәліметінше, мен «пара алыппын». Бірақ кінәмді мойындаған жоқпын. Өзге әскерилер де ешбір дәлелсіз сотталды. Тінтуден ештеңе шықпады, жалғыз мүдделі тұлғаның куәлігі соттауға негіз болды. Бүгінде Кәрім Мәсімовтен бастап, ҰҚК-нің бүкіл басшылығы түрмеде отыр. Олардың барлығының әскери қызметкерлерді заңсыз соттауға қатысы бар», - деді Мұхтар Қарабеков.
Полковник тергеу барысында өзіне және басқа да әскерилерге қоқан-лоққы жасалғанын, ҰҚК бастығының экс-орынбасары Самат Әбіштен қысым көргенін айтты. Экс-әскери қызметшілер Президент - Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық озбырлықты тоқтатуды және сотталған барлық әскери қызметшіге тағылған айыпты алып тастауды сұрады. Еске сала кетсек, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Серіктес жаңалықтары