50237
Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауды бастады
Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауды бастады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізіп, кеден саласындағы мәселелерді талқылады деп хабарлады turkystan.kz.
Отырыста мәлімдеме жасаған Қаржы министрлігі мемлекеттік Кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, қазір ҚХР-мен шекарадағы «Алтынкөл» және «Достық – Темір жол» темір жол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
«Қазір 5 автожол өткізу пунктінің 4-еуі ашық және жүктерді қабылдап жатыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан «Қалжат» өткізу пункті жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр», - деді Қаржы бірінші вице-министрі.Үкімет Қытайдан Қазақстанға «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешкен. Ал электрондық кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда, жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.