Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болып сайланды

Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болып сайланды

Досаев AMANAT партиясы Алматы филиалының төрағасы болып сайланды
ашық дереккөзі
50322
Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясына қатысты. Осы жиында делегаттар «AMANAT» партиясы филиалының жаңа төрағалығына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сайлады. Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, партияның атқарушы хатшысы филиалдың жаңа басшылығына жұмысты жандандыру және сайлауалды міндеттемелердің сапалы орындалуын бақылау міндеттері тұрғанын атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс жасауда транспаренттілікті арттырып, қоғамның барлық өкілдерімен жұмысты күшейту бойынша міндеттер қойды. Партияның барлық сайлауалды уәделерін, азаматтардың талап-тілектерін, аманаттарын орындау негізгі басымдық болып қала береді. Бұл ретте біз мемлекеттік органдардан цифрлар талап ететін тәжірибеден алшақтауымыз керек. Азаматтардың пікірлерін ескере отырып, бағдарламаның тармақтарын нақты іске асыруға ықпал ететін проактивті форматқа ауысуымыз қажет», - деді Асхат Оралов.
 width= Бұл күні атқарушы хатшы жергілікті зиялы қауым өкілдерімен және партияның ардагерлерімен де кездесті. Олардың ішінде әйгілі актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, ақын Жүрсін Ерман, жазушы Смағұл Елубай және тағы басқалар бар. Ашық пікір алмасу барысында партия қызметін жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салған зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға және Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді. Жұмыс сапарының алғашқы күні Асхат Оралов қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерімен кеңес өткізді. Ол осы жиында депутаттарға жұмысты күшейтуді және қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуына сапалы бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.
«Алматылықтарға берілген барлық уәделер орындалуы тиіс. Бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласына арналған сайлауалды бағдарламаның әлеуметтік тұсын Бюро мүшелеріне, ал Жол картасының индикаторларын партия өңірлік филиалы Саяси кеңесінің мүшелеріне бекіту қажет», - деді сөз соңында Асхат Оралов.
 width=

Серіктес жаңалықтары