50183
Молдова мен Грузия Еуропа одағына мүше болмақ
Молдова мен Грузия Еуропа одағына мүше болмақ
Молдова билігі Еуроодаққа кіру бойынша өтініш жібереді деп жазды turkystan.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы республика Президенті Майя Санду хабарлады. Оның айтуынша, бұл - елдің негізгі мақсаты және өз болашағын ЕО құрамында көретін азаматтардың таңдауы. Таяуда елдің Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрі Николай Попеску ел басшылығы НАТО-ға кіру мәселесін қарастырмайтынын мәлімдеген еді. Молдова бірқатар міндеттемені мойнына алып, 2014 жылы ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қойды.
Грузия Премьер-министрі Иракли Гарибашвили Еуропалық Одаққа кіруге кандидат мәртебесін беру туралы өтінішке қол қойды. Оның мәлімдеуінше, бұл шешім Грузияның еуропалық интеграция жолындағы тағы бір маңызды кезеңі болмақ. «Грузин арманы – Демократиялық Грузия» билеуші партиясының басшысы Ираклий Кобахидзе елдің 2024 жылы өтініш беруді жоспарлағанын, бірақ Еуроодаққа шұғыл жүгінуге шешім қабылдағанын атап өтті.
Биліктің шешімін оппозициялық партиялардың өкілдері де қолдады. Олар еуропалық серіктестермен тиімді келіссөз жүргізу үшін бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынып отыр.