50350
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі атынан жалған аккаунт ашылған
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі атынан жалған аккаунт ашылған

TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Қорғаныс министрлігі атынан фейк аккаунты ашылған деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Логині mod.gov.kz деп аталатын TikTok пайдаланушысы ондаған бейнеролик жариялап үлгерген. Олардың бір бөлігі – ҚР Қарулы Күштерімен байланысты оқу-жаттығулардың видеолары мен жаңалықтардан үзінділер. Шын мәнінде, бұл аккаунттың Қорғаныс министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы ведомстводан хабарлады.
«https://vm.tiktok.com/ZSeTLqDLB / сілтемесі бойынша ашылатын TikTok аккаунты фейк болып саналады. Оның Қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.Айта кетесек, Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында TikTok ведомствоның аккаунттары бар әлеуметтік желілер тізімінде көрсетілмеген. Тағы оқи отырыңыз: Белгісіз адамдар Украинада қазақстандық жүргізушінің құжаттарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)