Белгісіз адамдар Украинада қазақстандық жүргізушінің құжаттарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)

Белгісіз адамдар Украинада қазақстандық жүргізушінің құжаттарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)

Белгісіз адамдар Украинада қазақстандық жүргізушінің құжаттарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50-ге жуық қазақстандық жүк көлігін жүргізушілер Украинадан шыға алмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Мәселен, оралдық Нұрым Садықов Украинаға 23 ақпанда жеткен. Сол күні зауыттан ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, Қазақстанға кері қайтуы керек еді. Бірақ кенеттен соғыс басталып кеткен. Оның сөзіне сенсек, бүгінде зауыттың жұмысы тоқтап тұр, өйткені жұмысшылары түгел майданға жұмылдырылған. Ал шекарадан өздігінен шықпақ болған ақтөбеліктің жүк көлігін белгісіз біреулер тонап, жүргізушінің құжатын ұрлап алыпты. Осыдан кейін алысқа ұзай алмай, кәсіпорынның ауласын паналап отыр.
«Біз сіздерден көмек сұраймыз. Украинадан шығып, елімізге қайтқымыз келеді. Көмектесіңіздер! Жан-жақтағы көпірлерді жарып жіберген екен... Жалғыз біз емес, өзбектер, қырғыздар да бар осы жерде жатқан. Біздің Қазақстаннан 50-ден астам машина Украинадан шыға алмай жатыр. Мына зауыттың ішінде тұрмыз. Украиндарға ризамыз. Кеше тамағымыз бітіп қалды. Ал олар үйіне шақырып тамақтарын берді. Бір-екі күн жертөлеге барып, қонып келдік», - деді жүк көлігінің жүргізушісі Нұрым Садықов.
Амалы таусылған жүргізушілер Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне де хабарласыпты. Министрлік өкілдері Львов қаласына жетуін сұраған. Бірақ жүргізушілер көлік пен тиелген тауарды иесіз тастап кете алмайтынын айтады. Ал таксистер шекараға дейін жеткізуге 2000 АҚШ долларын сұраған. Мұндай ақша төлеуге жүргізушілердің шамасы жетпейді. Тағы оқи отырыңыз: БАҚ: Ресей армиясы Харьков қаласына оқ жаудырды