50300
ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты 6 рет атқан ресейлік ұсталды
ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты 6 рет атқан ресейлік ұсталды

Ресейлік полицейлер Мәскеуде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембиевке оқ атқан фитнес-клубтың күзетшісін ұстады деп жазды turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 16 ақпан күні автотұрақ маңындағы жанжал кезінде атылған оқтардан жараланған болатын. Отандасымыз жаттығу залына абономент алу үшін барған. Алайда, спортшының көлікті рұқсат етілмеген жерге қойғаны фитнес-клуб қызметкеріне ұнамаған. Сөйтіп, жанжал барысында ол спортшыға травматикалық тапаншадан алты рет оқ атқан еді.
Жалпы, 48 сағатқа қамауға алынған күзетші Максим Пахомовқа қатысты қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.