51023
«Дегелең» стансасында көмір тиелген 9 вагон рельстен шығып кетті
«Дегелең» стансасында көмір тиелген 9 вагон рельстен шығып кетті

Шығыс Қазақстан облысында вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр деп жазды turkystan.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, таңғы сағат 05.30-да Курчатов қаласының «Дегелең» стансасында болған.
Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра - Дегелең» бағытындағы №3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.