Кентау әкімі 42 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Кентау әкімі 42 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Кентау әкімі 42 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Дәурен Махажановқа қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі. Ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңге) сомасында пара алған» деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.
Қазір күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тағы оқи отырыңыз: Шөкеевтің орынбасары жемқорлықты қалай жою керектігін айтты