Шөкеевтің орынбасары жемқорлықты қалай жою керектігін айтты

Шөкеевтің орынбасары жемқорлықты қалай жою керектігін айтты

Шөкеевтің орынбасары жемқорлықты қалай жою керектігін айтты
ашық дереккөзі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Сәкен Қалқаманов жемқорлықтың тамырына балта шабудың жолын біледі. Ол бұл туралы ойымен Сайрам ауданында өткен «Парасат» пікірталас клубында бөлісті деп жазды turkystan.kz. Шенеуніктің айтуынша, әрбір қазақстандық қоғам дертіне айналған жемқорлықпен күресуде табандылық танытуы керек.
«Егер біреу сізден пара сұраса, құзырлы органдарға, әкімдерге хабарласып, «мына кісі менен пара сұрап жатыр» деп айтып келу керек. Пара бермеңіздер. Бірден бізге хабарлаңыздар. Оны қолынан ұстаған кезде ғана жемқорлықты жоя аламыз», - деді Сәкен Қалқаманов.