Қаңтар оқиғасы туралы түсірілім алматылықтарды шошытты

Қаңтар оқиғасы туралы түсірілім алматылықтарды шошытты

Қаңтар оқиғасы туралы түсірілім алматылықтарды шошытты
ашық дереккөзі
50214
20 қаңтар күні әлеуметтік желілерде Алматыдағы қаңтар оқиғасы туралы түсірілімнің видеосы пайда болған еді. Ол жергілікті шенеуніктердің рұқсатынсыз жүргізілген деп жазды turkystan.kz. Видеодан қолына таяқ ұстап жүгірген адамдарды көріп, оқ атқан дыбысқа ұқсас шуды естуге болады. Тұрғындар мұның арнайы түсірілім екенін білмегендіктен, зәре-құты қашқан.
«Оқ атқан сияқты болды, көлік өртенді. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардың зәресі ұшты. Жүргізушілер оқиға орнынан кетуге асықты», – делінген видеоның жазбасында.
Осы оқиғаға қатысты қалалық әкімдіктің қызметкерлері түсініктеме берді. Алматы қаласының әкімі мен Әуезов ауданы әкімінің атына Cultburo ЖШС-нен хат түскен. Олар «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша 13 ақпанда қаңтар оқиғасы туралы түсірілім жүргізуге рұқсат сұраған.
«Қоғамдық даму басқармасының мамандары хат авторларына жағдайды түсіндіріп, түсірілімге рұқсаттың берілмейтінін хабарлады. Полиция департаменті де дәл осындай жауап берген. Алайда компания өкілдері 20 ақпанда түсірілімді рұқсатсыз жүргізді», - деді әкімдік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары