Вице-министр спортшының жанайқайын мойындады

Вице-министр спортшының жанайқайын мойындады

Вице-министр спортшының жанайқайын мойындады
ашық дереккөзі

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Абзал Әжіғалиевтің спорттағы проблемалар туралы жазбасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетсек, шорт-трекшінің жазбасы бүгін жарияланған еді. Соған байланысты Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ізін суытпай Абзалдың жанайқайына жауап берді. Оның айтуынша, спортшының кейбір сөздері шындыққа жанасады. Мысалы, мұзайдынға айналған ірі нысандар жекешеленіп кеткен. Дегенмен, ұлттық құраманың мұзайдынында дайындалуына Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті федерациялармен бірігіп жұмыс істеді. Олимпиада қарсаңында спортшылар «Алауда» дайындалды деді ол.

«Барлық спортшының Олимпиадаға дайындалуына жағдай жасалған. Енді департамент неліктен нәтиженің болмағанымен айналысады. Спортшыларды келесі ойындарға Олимпиадаға 6 ай қалғанда емес, ертерек дайындау керек. Онымен келісемін. Дегенмен, Абзалдың спортшылардың Олимпиадаға 6 ай бұрын дайындалады деген сөзімен  келіспеймін, олар басқа елдерге де барып, жарысқа дайындалады», - деді вице-министр.
Сондай-ақ ол отандастарымыздың 4 жылда бір келетін додаға дайындығымен Ұлттық Олимпиада комитетінің айналысатынын, енді жарыстағы сәтсіздіктен кейін спортшылардың дайындықтары мүлдем басқаша болатынын жеткізді.
«Кемшіліктер бар. Оны мойындаймыз. Бәрі жақсы, бәрі керемет деп айтуға болмайды. Министрлік кемшіліктерді жою үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін істейді», – деді Серік Жарасбаев.