Димаш Құдайбергенге Мексикада WBC-дің құрмет белбеуі табысталды

/
Димаш Құдайбергенге Мексикада WBC-дің құрмет белбеуі табысталды
Dimashnews.com

Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) құрмет белбеуі табысталды. Бұл марапат өнерпаздың халықаралық деңгейдегі жетістіктері, түрлі елдер мен мәдениет өкілдерін музыка арқылы жақындастыруға қосқан үлесі үшін берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Dimashnews.com жазуынша, Дүниежүзілік бокс кеңесі спортшыларды ғана емес, өзге салада үлкен жетістікке жеткен тұлғаларды да марапаттайды. Бұған дейін ұйымның арнайы марапатына Нельсон Мандела мен Турки Әл аш-Шейх сияқты танымал тұлғалар ие болған.

Аталған құрмет белбеуін WBC өкілі әрі кеңесшісі Әлихан Жарылғапов, ұйымның елшісі кіші Гектор Сулейман, маркетинг және коммуникациялар бөлімінің басшысы Хосе Антонио Арреола Сулейман және WBC директорының орынбасары Виктор Сильва табыстады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары