«Жандос Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Бұл Үкіметтің жұмысына теріс әсер етеді. Біз қоғам үшін ашық болуымыз керек. Үкіметтің басты міндеті – әрбір қабылданған шешімді жұртшылыққа жеткізіп, халықтың пікірін ескеру», - деді Үкімет басшысы.Осыған байланысты Әлихан Смайылов Министрлер кабинетінің мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды.
«Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады» – Смайылов

«Бүркітбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере алмады» – Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевқа ескерту жасады деп жазды turkystan.kz.
Бұл ретте Үкімет басшысы өткен аптада Денсаулық сақтау вице-министрінің қатысуымен брифинг өткенін еске салды.