«Ел көлемінде цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырудың бірнеше фактісі анықталды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында жалпы қуаты – 31,3 МВт., Павлодар облысында – 22 МВт., Түркістан облысында – 3,28 МВт, Ақмола облысында – 1,03 МВт., Қостанай облысында – 0,82 МВт, Нұр-Сұлтан қаласында – 1,8 МВт., Алматы қаласында – 3,5 МВт., Шымкент қаласында – 4 МВт. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 МВт, Қарағанды облысында – 44 МВт. цифрлық майнингке өздігінен шектеу енгізілді» делінген ведомствоның хабарламасында.Министрлік өкілдерінің айтуынша, майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, анықталған майнинг фермалары бойынша уәкілетті органдар жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде.
«Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды» – министрлік

«Жалпы қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферма анықталды» – министрлік
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп, цифрлық майнинг нысандарын анықтау мақсатында тексерулер жүргізді деп жазды turkystan.kz.
Мобильді топтар жүргізген тексерулердің нәтижесінде соңғы 5 күнде жалпы тұтыну қуаты 202 МВт болатын 13 майнинг-ферманың жұмысы тоқтатылды. Төменде цифрлық майнинг нысандары қызметінде анықталған фактілер бойынша мобильді топтар жұмысының нәтижелері толығырақ берілген.