50279
Павлодарда зейнеткерді соққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Павлодарда зейнеткерді соққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Павлодар облысында қайғылы оқиға болды. Жол апаты салдарынан зейнеткер көз жұмды деп жазды turkystan.kz.
«19 ақпанда таңғы сағат 07.20-да Космонавттар көшесінде келе жатқан Daihatsu Terios автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1948 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде», - деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.Полицияның хабарлауынша, 33 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.