ДХР және ЛХР басшылары халықты жаппай Ресейге эвакуациялауды бастады

ДХР және ЛХР басшылары халықты жаппай Ресейге эвакуациялауды бастады

ДХР және ЛХР басшылары халықты жаппай Ресейге эвакуациялауды бастады
ашық дереккөзі
50241
Өз егемендігін жариялаған Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилин халықты Ресейге эвакуациялау басталғанын жариялады деп хабарлады turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Денис Пушилиннің видео-үндеуі Telegram әлеуметтік желісіндегі арналардың бірінде жарияланды. Оның айтуынша, Ресей билігі келісімге сәйкес, Ростов облысында ДХР және ЛХР тұрғындары үшін орын бөлінгенін, шекаралық өткізу пункттерінде тез өтуге жағдай жасалғанын атап өтті. Пушилиннің айтуынша, көп ұзамай қосалқы күш қондырғысы аймақта шабуылды бастау туралы бұйрық алады.
«Украина Президенті Владимир Зеленский жақын арада әскери қызметкерлерге шабуылға көшуге, Донецк және Луганск халық республикаларының аумағына басып кіру жоспарын жүзеге асыруға бұйрық береді. Киев билігі қақтығыс аймағындағы әскери қызметшілердің санын үнемі арттырып, сол жерде қару-жарақ жинап жатыр. Соғыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі бар ДХР-дың қарулы күштері үнемі жауынгерлік дайындықта. Олар бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымды толығымен қорғауға қабілетті. Соған қарамастан, қарсылас республиканың елді мекендеріне шабуыл кезінде біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін», - деді шенеунік.
Сондай-ақ Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник те осындай мәлімдеме жасады. Ол Ресейге бейбіт тұрғындардың эвакуациялануы туралы жариялады және ведомстволарға бұл процесті қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары