Алматы қаласының тұрғыны стоматологияда тісін жұлғаннан кейін қайтыс болды

Алматы қаласының тұрғыны стоматологияда тісін жұлғаннан кейін қайтыс болды

Алматы қаласының тұрғыны стоматологияда тісін жұлғаннан кейін қайтыс болды
ашық дереккөзі
50395
Стоматологияға келген 55 жастағы алматылық тістерін жұлдыртып, имплант имплантациясын жасатқан. Бірақ операциядан кейін анафилактикалық шок алған ер адам көз жұмды деп жазды turkystan.kz. Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған. Zhaloby almaty in Instagram тобындағы жарияланым авторының айтуынша, оның әкесі дені сау адам болған.
«Менің әкем Dobrodent клиникасы дәрігерлерінің немқұрайдылығынан қайтыс болды. Клиника қызметкерлері екі тісті жұлып тастау және импланттарды қою кезінде біліксіздік танытты. Анафилактикалық шок кезінде оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген жоқ. Әкеме тек шай ішіп, жатып демалу ұсынылған. Дәрігерлер адамды құтқаруға болатын алтын уақытты жіберіп алды», − деп жазады туысы.
Пост авторы клиника басшылығымен сөйлескен кезде медициналық мекеменің жұмысты хаттамаларға сәйкес жүргізбейтінін анықтағанын жазады. Себебі емдеу орны клиентпен операцияға келісімшартқа отырмайды. Пациенттерден кардиограмма алмайды және операция алдында анестетикке тест жасамайды екен. Анафилактикалық шок алған азамат жедел жәрдем көлігімен №12 қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқаста пульс болмаған, жүрек үні естілмеген. Жарты сағат бойы реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, жүрек қызметін қалпына келтіру мүмкін болмаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Жалобы Алматы🇰🇿 (@zhaloby.almaty)

Серіктес жаңалықтары