НАТО өз батальонын Польшаға кіргізе бастады
НАТО өз батальонын Польшаға кіргізе бастады
Польшаның Қорғаныс министрі Антоний Мачеревич республика аумағына НАТО-ның көпұлтты батальоны кіргізіле бастағанын мәлімдеді. Бұл – альянстың Варшавадағы саммитінде қабылданған шешім аясында атқарылып жатқан іс.
Utro.ru-дың хабарлауынша, Польшаға 1 мың 200 жауынгер мен офицер жіберіледі. Олардың 1 мыңға жуығы – АҚШ-тың әскери қызметкерлері. Мачеревичтің сөзіне сүйенсек, батальонды ел аумағына орналастыру жұмыстары 2017 жылдың қаңтарына дейін жалғаспақ.
НАТО әскерін Польшаның солтүстік-шығысында орналасқан Орыш қаласына орналастыру туралы шешім қабылданған. Америкалық әскерилерден бөлек, ел аумағына Румыния мен Ұлыбританияның жауынгерлері кіргізілмек.
Айта кетейік, 2016 жылдың 8-9 шілдесінде Варшавада өткен саммитте НАТО көшбасшылары альянстың төрт көпұлтты батальонын Балтық елдеріне және Польшаға жөнелту жөнінде шешім қабылдаған болатын.