«Тек өмір сүр!», деп қана жазды ол.Айта кетсек, В. Жириновский 2 ақпанда «Омикрон» штаммынан туындаған асқынуларға байланысты ауруханаға түсті. Ведомствоның соңғы ақпаратына сәйкес, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап, барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. 14 ақпанда Ресей либералды-демократиялық партиясының депутаты, әлеуметтік саясат және ардагерлер істері комитетінің төрағасы Ярослав Нилов «Ленто.ру»-ға берген арнайы сұхбатында Жириновскийде пайда болған мидың қабынуы туралы хабарлардың қауесет екенін айтты. Оның айтуынша, сенсация іздеуге құмар көп Telegram арна жалған мәлімдемелерді жариялауда. Оқи отырыңыз: 7 рет вакцина алған Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесінің жағдайына алаңдаулы

«Өмір сүр!»: Жириновскийдің ұлы әкесінің жағдайына алаңдаулы
Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы вице-спикері, Ресей либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің ұлы Игорь Лебедев COVID-19-инфекциясымен ауруханаға түскен әкесінің жағдайы туралы алғаш рет пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Игорь Лебедев әлеуметтік желіде әкесіне қатысты жазба қалдырды.