50338
Балаларға қауіп төндірген қаңғыбас иттер ауланды
Балаларға қауіп төндірген қаңғыбас иттер ауланды

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Ж. Мұханбетқалиқызының қабылдауына қала тұрғыны Райхан Табынқараева келіп, «Көктем» шағынауданындағы 32-үй тұрғындарының өтінішін жеткізді.
Азаматшаның айтуынша, тұрғын үйдің маңайында иесіз жүрген қаңғыбас иттер көп. Олар серуенге шыққан бала-шағаға қауіп төндіруде. Сондықтан бұл мәселені шешіп беруді сұрады.
Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Ғ.Байжановқа және Жаңаөзен қаласының ветеринариялық станциясына хат жолданды.
Сөйтіп, ветеринариялық станция қызметкерлерінің көмегімен қараусыз жүрген 8 қаңғыбас ит ауланды.