50486
Атырауда аса ірі көлемде қаржы ұрлаған лауазымды тұлға ұсталды
Атырауда аса ірі көлемде қаржы ұрлаған лауазымды тұлға ұсталды

Атырау облысы Қаржы мониторингі агенттігі облыстық Құрылыс басқармасының лауазымды тұлғасы мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады деп жазды turkystan.kz.
Күдіктілер мектеп, екі отбасылық-дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешені сияқты әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Серіктестік басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Аталған қылмыстық іс аясында Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес облыстық Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, қазір облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталып, қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр.