Той күні жоғалып кеткен күйеу жігіт табылды

Той күні жоғалып кеткен күйеу жігіт табылды

Той күні жоғалып кеткен күйеу жігіт табылды
ашық дереккөзі
50321
Оқиға Өзбекстанда болған деп хабарлады turkystan.kz. Күні кеше полицейлер үйлену тойында жоғалып кеткен жас жігітті іздеп жатқаны хабарланды. Содан кейін Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы той күні жоғалып кеткен күйеу жігітті іздеуге қоғамдық топтардан көмек сұраған. Оның табылғаны туралы 15 ақпанда Орталық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұрын іздеуде жүрген Аббос Гуломов (1997 жылы туған) табылды. Ол жақсы, алаңдауға негіз жоқ. Іздеуге атсалысқандардың барлығына алғыс айтамыз», - деп жазылға хабарламада.
25 жастағы жігіт 12 ақпанда үйленуі керек еді. Сол күні таңертең үйден шығып, қайтып оралмай, із-түзсіз жоғалып кеткен.
«Оның ұялы телефондары өшірулі. Тойға дайындық аяқталды. Барлығымыз есеңгіреп қалдық», - деді Аббостың туыстарының бірі.

Серіктес жаңалықтары